Талдықорғанда бокстан  жасөспірімдер арасындағы қалалық чемпионат басталды. Аталмыш додаға 2005-2006 жылы туған жеткіншектер қатысуда.

Сайыстың салтанатты ашылуында сөз алған Талдықорған қаласы бокс федерациясының атқарушы директоры Ерлан Бақтыбаев жалпы қатысушыларды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Шаршы алаңға шығатын 63 жұп жиырма бір салмақ дәрежесі бойынша мықтыларын анықтайды. Жалпы, жас боксшылар жарысқа тыңғылықты дайындалып келген. Ол жағын спортшылардың жеңіске деген ұмтылыстарынан байқадық. Мәселен, араларынан боксқа әбден төселіп қалғандарын да көруге болады.

Айта кетейік, осы турнирде сайдың тасындай іріктелген жас жеткіншектер Алматы облысының біріншілігінде бақ сынамақ. Кіл мықты да, кім мықтыны анықтайтын бәсеке 3 күнге созылған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK