Жастар. Жігер. Жаңғыру

497
Фото авторы Ж.Мұсабек

«Қазіргі таңда өңірімізде 408 218 жас бар. Бұл халықтың үштен бірін құрайды, яғни әрбір үшінші адам — жастардың өкілі. Бұл – үлкен күш, зор потенциал. Осы күшті ел игілігіне жарату үшін жастар әрдайым алға жылжып, үнемі ізденісте болуы, жаңалыққа ұмтылуы қажет». Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Жастар. Жігер. Жаңғыру» атты аймағымыздағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде осылай атап өтті.

Фото авторы Ж.Мұсабек

Шараға департамент басшылары, Жастар кеңесінің мүшелері, Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты. Ең әуелі медицина мен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, IT маманы, спортшы жастар жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Фото авторы А.Нұршанов

Жастарды тыңдаған облыс басшысы  Амандық Баталов «Кеше ғана Астанада Жастар жылына арналған ауқымды форум өтті. Жастар жылы ресми бастау алып, жиында Мемлекет басшысы жыл көлемінде атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар берді. Биылғы жылдың Жастар жылы аталуының тарихи мәні зор. Бұл Елбасының тікелей жастарды қолдауға, жастарды жаңа дәуірдің жаршысы, мемлекетіміздің болашағы ретінде негізгі қозғаушы күші екендігін жан-жақты жете түсінуінің нәтижесі деу керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз» — деп атап өтті. Жастардың еркін ойы, жалын жігері, батыл бастамалары – мемлекетіміз үшін аса қажет. Жалпы бүгінгі жастардың білімге, еңбекке деген құштарлығы, шет тілдерін меңгеруге, инновацияны үйренуге, жаңа жобалар әзірлеуге деген талпыныстары мені қуантады. Елбасы бастамашы болып қолға алған осы бір тамаша жылдың ойдағыдай, әсіресе жастарымыздың көңілінен шығатындай өтуі үшін атсалысу баршамыздың азаматтық парызымыз деп білемін. Елдігіміздің еңселі, болашағымыздың баянды болуы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан, Сіздерді халыққа, қоғамға қызмет етуге, қай салада да Отанымыздың абыройын арттыруға үлес қосуға шақырамын. Мағжан ақын айтқандай «Мен жастарға сенемін!»-деп жастардың игі бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Фото авторы А.Нұршанов

Сонымен қатар Амандық Ғаббасұлы ағымдағы жылы атқарылар шаралар легімен де таныстырып өтті. Жастар жылына орай  «Жетісу жастарының жарқын істері» атты жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Аудан орталықтарында Жастарға қызмет көрсету орталықтарын ашу мәселесі де кеңінен талқылануда. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында әр Жастар ресурстық орталығына 10 га жер бөлу көзделуде. «Бес әлеуметтік бастама» аясында 2018-2019 оқу жылына жергілікті бюджеттен 106 грант бөлінді. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі жұмысшы жастарды баспанамен қамту  назардан тыс қалмақ емес. Бұл жағдай «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында шешімін таппақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK