Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) 2-ші ақпан күні Техас штаты, Фриско қаласында The Hitman (жалдамалы баскесер) лақап атымен танылған америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 5-ші жекпе-жегі. Қазір ол шаршы алаңға шығу үшін қызу дайындық үстінде.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста Жәнібек Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы. Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2018 жылы Жәнібек кәсіпқой боксқа ауысып, 4 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында жеңіске жетіп, біреуін нокаутпен аяқтады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK