Сүт зауыт 1967 жылдары бой көтерген. Біраз істеп, сүт зауыты жұмысын тоқтатыпты. Қазіргі уақытта 20 жылдан аса тоқтап тұрған зауытты біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Әзірге мұндағылар тек түрік айранын, құрғақ сүт және ысталған шұжық шығаруда. Зауыт толық қуатына көшкеннен кейін сүт өнімдерінің барлық түрін шығару жоспарланып отыр»,- дейді зауыт басшысы Бақыт Арқабаев. Айтуынша, зауыттың қыстыгүні іске қосылуының өзінде үлкен мән жатыр дейді. Себебі, көктем шығып, жаз келгенше өндіріс әбден бір жолға қойылады. Әрі жас мамандар да тәжірибе жинақтап, ауқымды көлемде жұмыс істеуге шыңдалады. Дегенменде зауытқа инженер-технологтар, зертханашылар әлі де жетіспеуде. Айта кетейік, қазір мұнда 20 адам еңбек етіп жүр. Ал, алдағы жылдары тағы 20 шақты адам жұмысқа алынбақ. Зауытқа көршілес жатқан Кербұлақ, Ескелді, Қаратал аудандары да сүт өткізеді екен. Тәулігіне 40 тонна сүт қабылдап алуға қауқары бар өндіріс ошағына мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 100 млн теңге қаржылай қолдау көрсетіліпті. Сүт зауытының санитарлық тазалығы, басқа да талаптары қатаң сақталған, Ресей мемлекетінен әкеліп заманауи технологиялармен, қымбат қондырғылармен жабдықталған. Зауыт қазіргі уақытта күніне 17-18 мың стақан түрік айранын шығарса, 60 келіден аса ірімшік шұжығын тәулігіне өндіріп отыр.

Айгуль Айманбекова

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK