Енді өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар әр ай сайын «Біріңғай жиынтық төлем» төлеуге міндеттеледі. Бұл тұрақты жұмысы жоқ адамдардың жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы  жарнасы мен  медициналық және әлеуметтік сақтандыру сынды төлемдерді қамтиды. Оның қарапайым халық үшін пайдасы зор, — дейді Талдықорған қаласы жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлмира Есжанова.

Өтенай ауылы әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде сөз алған Гүлмира Еркінқызы:  «Бұл  төрт түрлі төлемнің жиынтығы. Аталған қаражат көлемі қала тұрғындары үшін айына 2525 теңге, ал, ауыл адамдары үшін 1263 теңгедеп белгіленген. Оны азаматтар банктен шот ашпай-ақ ұялы байланыс,  оның қосымшалары, интернет, терминалдар және екінші деңгейлі банктер арқылы төлей алады. Төлемнің тағы бір  пайдасы қаражат төленген күннен бастап азаматтардың еңбек өтілі бірге саналады »,–деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK