б. Жолюарысұлы атындағы мектеп-лицей
дереккөз

Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры­» мақаласында  қамтылған деректер мен дәйектер – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұрамыз. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу техноло­гиясы, өз жазуы мен мифо­логиясы бар озық мәдениеті ,  рухани бай­лығының айшықты бел­гісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған  Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түр­­кі әлемінің бесігі санала­тын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік эко­­номиканың өркенденуіне сеп­тігін тигізген – Ұлы  Жібек жолы, Қазақ елінің ұлт­тық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар. Мынау жаһандану кезеңінде  жас ұрпаққа  ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, на­си­хаттау әрі сақтау елді бекем­деудің тікелей кепілі.

Мәдени  құн­­ды­лық­тарымыздың қо­ғам сана­сының тарихи жа­ңаруы үшін Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынып отыр­ған жобалар толықтай жауап беретіні анық.  Талдықорған қаласының орта мектептерінде бұл мақсаттағы  істердің жиынтығы қолға алынды.  Бақтыбай Жолбарысұлы  атындағы  №18 орта мектеп –лицейінде «Ұлт тарихы –ұрпақ мақтанышы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шалқар Мелісұлы, мектеп басшысы:-Елбасымыздың ұсынып отырған жобалары бізді толғандырып жүрген сұрақтарға толықтай жауап береді. Оған бағыт-бағдар ұсынады. Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін, өркениетін, ұмыт болған құндылықтарын жастарға жаңғыртып, оны келешекте қалай сақтап қаламыз, дамытамыз деген заңды сауалға жауапты  өздеріңмен бірге іздеп көрелік.  Әрқайсысымыз ой-пікірлерді ортаға салайық.

Биғайша Қауметова, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі  орынбасары:- Бүгінгі шараға мектептің кітапханашысы Мария Ботаева  арнайы көрме ұйымдастырып, жеті қырын бейнелейтін пирамида жасап әкеліпті. Мына жердегі кітап көрмесінен де көптеген мағлұматтарды табуға болады. Мақалада  көрсетілген тараулар,  оқушылар сендердің  болашақтарыңа жөн  сілтейді. Мәселен.  «Түр­кі өр­ке­­ниеті: түп-тамыры­нан қазір­­гі заманға дейін» ат­ты жо­б­а­ның аясын­да Түркі­стан қа­ласында, тарихи мұ­ра­­ла­рымыздың негізін­де түр­кі әлемінің орталығын – музейін ашу, өткенмен  қазір­гі уақыттың тығыз байланысын көрсетумен қатар, келесі ұрпақ үшін де маңызы зор болар еді. «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ла­масының жалғасы бо­ла­­­тын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға ба­­ғыт­талған ұсы­ныстары мем­­ле­кетіміздің ны­ғаюына сеп­тігін тигізетініне то­лық сенім­­­дімін.  Біздің мақтанатын, өзгеге үлгі болатын ұлттық брендіміз баршылық. Қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүріндегі мақтанышпен айтатын дүниелеріміз жетерлік. Ұрпағымыз соны жарқырата көрсетуі  үшін білімді азамат болуларың керек.

Мария Құрмашқызы, қалалық  білімді дамыту  орталығының аға әдіскері:- Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы –бүгінгі уақыт кеңістігінде рухани тірегімізді одан әрі бекітуге, оны әлемге паш етуде аса қажет тұстары айқын   көрсетілген. Ғасырлар бойына ата-бабамыздан бері атадан балаға мирас болған атқа міну, ұсталық, зергерлік бұйым жасау салтымыз бар. Ұлы даланың тарихы мен мәденетін  түгендеуге мүмкіндік береді. Өркениетке бет алған тұста осы құндылықтарымызды келешек үшін қалай сақтап қалуымыз керек деген сауалға жауап іздеуге тырысып, өзіміз де бұл іске атсалысуымыз керек.

Мектептің оқушылары шарада белсенділік  танытты. Өз ойларын ортаға салып қана қоймай,  ән мен күйден шашу шашты.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK