Жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады

423
Дереккөз

Биылғы жыл әр қазақстандықтың жүрегі мен жадында мәңгі сақталады деп ойлаймын. Себебі,  Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар жылы деп жариялап, күні кеше ашылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысының бұл игі бастамасы әр жас өркенді қуантып, көңіл көкжиегін шуақтандырғаны рас.

Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Себебі, жастар – болашақтың тұтқасы, елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Кез келген әлеуметтік қатынастарда, рухани игіліктерде жастардың өзіндік алар орны бар. Олардың жаңашылдыққа деген ұмтылысы – еліміздің дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Тек біз ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындайды.
Ал, сол жастардың қоғамдағы жағдайы және олардың әлеуметтік ортаны дамытуға қатысу дәрежесі мемлекетке және жастардың белсенді өмірлік ұстанымына тікелей байланысты. Сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты дамуының негізі де жастардың бәсекеге қабілеттілігіне, білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты екенін естен шығармағанымыз абзал. Біздің жастар талай белестерді бағындырып, биік қияға қанат қағады деп сенемін. Еліміздің болашағы үшін зор талпыныспен, айқын мақсатпен, толағай қарқынмен аянбай қызмет ету – біздің басты мақсатымыз. Елдің ертеңі ұлттық рухы биік, өр намысты, білімді де білікті жастардың қолында! Осы ретте, Алматы облысының жастары Елбасы салған дара да даңғыл жолмен бой түзеп, айтылған барлық межелерді орындауға дайын.


Жандос  Байкамитов, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK