Белін бекем буған

454
Дереккөз

Ұлтымыздың  ұранына айналған Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңінің  жолдары  өскелең  ұрпаққа қуат беріп, рухани мотиваторына айналғаны жасырын емес. Жастарға кәмілсіз сеніп, ел ертеңін тапсыра кеткен Мағжан ақынның шоқтығы биік туындысы қазір де өз қадірін жоғалтқан емес. Сенім бар жерде берекелі іс те бар. Ел жастарға сенсе, жастар болашаққа сенеді.

Қазіргі таңда  жастар қандай іспен айналысады ? Ойлағандары не деп таңданамыз ? Жастар ХХІ ғасырдың,  тәуелсіз елдің азаматтары. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: « Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын  жүректі, өршіл намысты, биік рухты  болса – ол елдің еңсесі де биік болады». Яғни , барынша қолдау    көрсетілген өскелең  ұрпақ  биік  белестерден  көрінері анық. Қазақ жастары өнер- білімнен кенде емес, рухани қорымыз өте бай. Сол сияқты халқымыздың спорт өнерінен  де ала қоржыны бос болмаған. Небір палуандар,  спорт шеберлері шыққан еліміз бұл өнермен де мақтана алады.

Дереккөз

Жауырыны жерге тимеген қазақ спорт шеберлерінің Талдықорған өңірінің де жастары ізін суытпай басып келеді. Талдықорған қаласы  № 12 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы  Абай Сейдахмет те  ұлы спорт майталмандарының нәтижесін қайталап өз елінің, туған жерінің мәртебесін көтеруді аңсайды. Абайдың таңдаған спорт түрі де ерекше.

Дереккөз

Шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі — таэквондо. Жеткіншек бұл спорт түріне 2017 жылдың мамыр айында келген. Және бір ерекшелігі бала өзі талпынып, ешкімнің көмегінсіз спорт үйірмесіне жазылған. Абай екі жыл ішінде біраз жетістіктерге жетіп, мектептің және қаланың мақтанышы болып жүр. Жетістіктерінің бастауы Алматы қаласында өткен «Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні»  деп аталатын турнирде жүлделі І  орынды алумен басталған.

Дереккөз

Келесі жүлдесі  2018 жылы Қызылорда қаласында өткен М. Қалмахановты еске алуға арналған таэквондодан балалар мен кадеттер және жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнирінде ІІ орынмен толықты. Сонымен қатар Жастар спорт кешенінде өткен турнирде  «2018 жылдың ең үздік спортшысы» деген мақтау қағазына ие болды. Талпынысы жоғары ұлтымыздың еңбекқор баласы өткен жылды жүлделі аяқтады. Павлодар қаласында өткен «Павлодар облысы әкімінің кубогы»  ашық республикалық турнирінде 33 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленген. Қазіргі таңда  спорт шеберінің кандидаты.

Дереккөз

Абай жайында анасы Анар Мелісқызы  « Балам өзінің талпынысымен осы спорт түрін таңдап, өзі барып, жаттықтырушысымен келісіп, таэквондо үйірмесіне қатысқан болатын. Абайдың бұл спортқа келуіне біздің де еш қарсылығымыз болмады. Қазір көптеген жүлделі орындарды алып жатыр. Біз баламызбен әрине мақтанамыз. Абай тек біздің ғана емес, ұлттың баласы болса дейміз. Оның әр жеңісі  қаламыздың да жеңісі және мақтанышы болмақ. Есімін де Ұлы Абай атамыздай болсын деп ырымдап қойғанбыз. Сөз аламанында топ жармаса да, спортта қадымдап белестерге келе жатыр»-, дейді.

P.S. Спорт бәйгесінде топ жарып, белестерге шығып жүрген Абай Сейдахмет қаламыздың кезекті мақтанышы, келешектің шұғылалы таңы деп білеміз. Баланың бетін қақпай белін бекем буып қолдау көрсететін ата-аналарды да мақтаныш етеміз. Білім мен спортты қатар ала жүріп,  додалардың дарабозы атанған спорт майталмандарының жолын беруіне тілектеспіз !

Салтанат ИРҒАИПОВА.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK