Талдықорғанда «Құқық қорғау қызметі» орталығы ашылды

837
авторы А.Кәлімхан

 

Талдықорған  қаласында  “Құқық қорғау қызметі” орталығы ашылды.  Жаңа нысан қарапайым халықтың  арыз — шағымын бір жерде қарап, әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған. Ғимаратқа прокуратура, ішкі істер саласының мамандары мен нотариус, адвокат және медиатор, психологтар орналасқан. Енді олар “бір терезе” қағидасы бойынша  жұртқа тегін заңдық қызмет көрсететін болады.

Авторы А.Кәлімхан

Орталықтың  ашылу салтанатында сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов: «Мұнда мемлекет басшысының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында құқықтық қызметтерді бір орынға шоғырландыру  көзделген. Бұдан былай заңдық тұрғыда кеңес алғысы келген әрбір тұрғын жан-жаққа сабылмай осында келіп, түрлі сауалдарға жауап ала алады. Мұндағы қызметшілердің негізгі міндеті – азаматтардың шағымын тез арада қарап, жедел шешу. Осы арқылы жұрттың құқық қорғау және мемлекеттік мекемелерге деген сенімін арттыру» — ­­­деді.

Жалпы 200 шаршы метр аумаққа ірге тепкен ғимаратқа  47 млн. теңге қаржы бөлінген. Іші аудио-бейнежазу құрылғысымен және ақпараттық экранмен жабдықталған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK