«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік сала бойынша кеңес беретін 1411 тегін нөміріне қоңырау шалу қолайлы. Енді осы нөмір арқылы мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегіне алдын ала жазыла алады. Бұл туралы корпорацияның баспасөз  қызметі хабарлады.

 Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретін онлайн қолдау қызметін құру жөніндегі әріптестік келісім 2015 жылы жасалған. Оған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетінің арасында қол қойылған.  Қолдау қызметіне осыған дейін еліміздің барлық аймағынан 2 жарым мыңға жуық өтініш келіп түскен. Қоңыраулардың басым көпшілігі Алматы, Атырау және Түркістан облыстарынан.

Нақтырақ айтсақ, 1411 байланыс орталығына хабарласқандар тікелей  көмек алу уақытын белгілеп, кезекке тұрады. Бұл Медицина университетінің мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Ол, үшін белгіленген уақытта 1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына психологиялық көмекті медицина университетінің психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсіби мамандары береді.

Бұл қызмет – балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызмет ақысын төлей алмайтын және кәсіби мамандардың қабылдауына бара алмайтындарға сондай-ақ, шалғайдағы елдімекендерде тұратын ата-аналар үшін жақсы мүмкіндік, ­­­–дейді мамандар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK