Сұйытылған газ жоғарыколориялы әрі үнемді отын түрі болып табылады. Ол тығыз күйде болғандықтан көп мөлшерде аз орын алады, сондықтан пайдалануға өте ыңғайлы.

Газдың жағымды сапасын атап айтқандай, жағымсыз да қасиеттері болады: газдың шығуы орын алған жағдайда, бөлменің төменгі бөлігіне, төменгі қабаттағы көршілеріңіз арқылы жер астына еніп, жиналып алады. Егер ауада газдың мөлшері 2 %-дан 10 %-ға дейін орын алса, онда бұл қоспаның өртеніп, жарылып кету қаупі бар. Газдың иісі сезілген жағдайда баллон винтелін немесе газ плитаға дейінгі құбырдағы шүмекті жауып, ауаны желдетіп 104 телефоны арқылы апаттық газ қызметін шұғыл түрде шақыртыңыз. Апаттық газ қызметі демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейді.

Газ қолданысында қауіпсіздік Ережелерінің сақталмауының салдарынан, материалдық шығындарға ұшырап, көп жағдайларда қайғылы оқиғаларға душар болып жатады.

«Газбен қамтамасыз ету» 2.04.08 ҚҚ және Е –не сәйкес, көп қабатты үйлер топталған сыйымдылықты қондырғылары арқылы берілетін газбен немесе электрқұрылғыларымен жабдықталынуы қажет. Десекте көп қабатты үйлердің тұрғындары қауіпсіздіктен бұрын, қаражатты үнемдеп қалу мақсатымен баллонды газбен қолдануды жөн санайды. Сөйте тұра бір мезетте барлық мүліктен, денсаулықтан айырылып өз өмірлеріне қауіп төндіреді.

Импорттық редукторлар мен қақпақшалар өмірімді қауіпсіз етеді деп үміттенуге болмайды, қауіп баллонның өзінде. Қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда газ баллоны жарылады. Пәтеріңізде электр сымының ақауынан немесе абайсызда шыққан оттан өрт болған жағдайда пәтеріңізде тұрған газ баллонқайғылы зардаптардың ықтималдығын арттырады. Ешқандай баллон түсі немесе қақпақша маркасы өрттен қызған баллонның жарылуынан қорғай алмайды.

2012 жылғы 09 қаңтар № 532 –IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңының19 бап.1-тармағы. Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

28 бап 7-тармағы. қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады. Тиімді отын түрін пайдалану кезінде газ шаруашылығында өндірістік қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тұтынушылардың тыныс – тіршілігін қиындату емес, керісінше олардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Газ плитасын қостыру және есептеу құралын орнату сұрақтары бойынша 235-235, 235-064 телефондары бойынша хабарласыңыз.

Талдықорған қаласы «ТҮКШБ» ММ «104-апаттық газ қызметі» ШЖҚ КМК.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK