Әлеуметтік драма жарыққа шығады

321
Дереккөз

Қазақстандық жазушы Данияр Сүгіралиновтің «Кірпіштер 2.0» кітабының желісі бойынша түсірілген фильм отандық прокатқа шығады.

Дереккөз

«Тренинг личностного роста» әлеуметтік драмасы үлкен экранда 2019 жылдың 31 қаңтарынан бастап шығады. Режиссері — «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмін түсірген Фархат Шәріпов. «Өз өміріңді өзгерту ешқашан да кеш емес. Бұл фильмдегі басты ойлардың бірі. Осы кинотуынды арқылы біз адамның проблемалары және ішкі-жан дүниесінің күйзелісі туралы, күйбең тіршілік арқылы ашып көрсетуге тырыстық», — дейді фильм туралы Фархат Шаріпов.

Дереккөз

«Бәлкім, жас буынға фильмнің драмалық негізін түсіну қиынға соғатын шығар. Картина өмірлік тәжірибесі бар, көп нәрсені басынан кешкен адамдарға ұғынықты. Айтпағым, жас көрермен кейіпкердің қартайған анасына қарауы, отбасы құрдымға кетіп бара жатқанына уайымдауы, жасөспірім қызымен тіл табыса алмауы секілді мәселелерді түсіне алмайды деп ойлаймын. Маған бастысы, көрермен фильмді көріп, «қылмыс орын алды ма, кейіпкердің бірі кінәлі ме әлде жоқ па?» — деген сауал қоя алуы маңызды», — деді. Фильмнің түсіру жұмыстары Алматыда жүргізілді. Картинаның басты рөлін сомдауға көптеген үміткерлердің арасынан Дулыға Ақмолда бекітілген болатын. Сонымен қатар, фильмде Ержан Түсіпов, Гүлжамал Қазақбаева, Әсел Қалиева, Филипп Волошин және басқа да актерлер түскен.

«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK