«Wiki Camp» акциясы өтті

315
Дереккөз

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Жастар жылына орай «Жастар — еліміздің мақтанышы!» атты Wiki Camp акциясы өтті.

Дереккөз

Акцияға  100-ге жуық оқушы қатысты. Олар Алматы облысының дамуына өз үлесін қосқан және әртүрлі қызмет салаларында ең үздік жас мамандар туралы мақалалар жазды. Айта кетейік, 2013 жылдан бастап аталмыш  оқу орнында «Википедия» клубы белсенді жұмыс жасап келеді. Клуб мүшелері әртүрлі тақырыптар бойынша онлайн-энциклопедияға өз бетінше қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде мақала жазып, толтырады. «Википедия» клубы ашылған сәттен  Талдықорған Зияткерлік мектебінің оқушылары тарихи-мәдени мұралар, ғылыми жаңалықтар және Қазақстанның қазіргі заманғы жетістіктері туралы үш мыңға жуық мақалаларын жазды. Мектепішілік клубтың үйлестірушісі Назира Сұлтанова «Википедия клубы мектеп оқушыларын мақалаларды жазуға және редакциялауға дағдыландырады. Оларды академиялық адалдық пен жауапкершілік қағидаларын ұстана отырып, шығармашылықпен айналысуға үйретеді. Біздің оқушылар үшін бұл әлемнің бөлігі болуға, қазақша википедия мазмұнын дамытуға үлес қосудың керемет мүмкіндігі. Шын мәнінде бұл- үлкен жоба», — деді.

Дереккөз

2012-2013 оқу жылынан бастап барлық Зияткерлік мектептерде Википедия клубтары іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда оқушылар 20 мыңнан астам мақалаларды жазды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK