«Ең жақсы еркек» комедиясы сахналанды

271
Дереккөз

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясы  сахналанды.

Дереккөз

Аталмыш қойылым театр репертуарынан алшақтамаған  озық туындылардың бірі. Көпшілік көрерменге арналған  спектакль  жеңіл жүрістен, келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, отбасылық құндылықты сақтауға дәріптейді. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар арасындағы  адамгершілік пен сыйластықты жоғары бағалауға ықпал етеді.

Дереккөз

Қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Алпан – Ерлік Қалибек, Гүлмайдан – Толғанай Ағламова, меңгеруші – Алмахан Кенжебекова, Розабану – Мәкен Нұрмұхамбетова, Мария – Әлихан Ыдрышева, Ақкербез – Ақмарал Төлеуова, Ләтипажан – Әсем Жетпісова, Айләззат – Айгерім Бекболатова, Спандияр рөлін Ғанидулла Оңлабай сомдайды. Қойылым соңында театр директоры Руслан Сенкебаев сахна төріне көтеріліп Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекованы туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK