Дарынды балаларға арналған «Өркен» білім грантына құжат қабылдау басталды

671

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, өңіріміздегі 7 сынып оқушыларын «Өркен» білім грантының  иегері болуға шақырады. Оқушыға білім алудың барлық мүмкіншілігін кеңінен ашып көрсететін, еліміздің әлемдік стандартқа сәй білім ордасында оқуға мүмкіндік беретін, емтиханға тіркелу уақыты ағымдағы жылдың 19- шы қаңтарына дейін жалғаспақ –деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2010 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Мектеп білім беру бағдарламаларының заманауи модельдерін енгізіп,  даму, мониторинг, зерттеу, талдау, тестілеуді жүзеге асыруға бағытталған эксперименталды алаңы. Аталмыш білім ордасының миссиясы: «Әрдайым  білім алуға дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы, табысты тұлға қ алыптастыруға ықпал ету». Мұнда,  көшбасшылыққа деген ұмтылыс ерекше байқалады: интелектуалдылық , спорт, шығармашылық, зерттеушілік және  әлеуметтік жобалар.

Кәсіби бағдар жөнінде кеңесші Ерік Сейдахметовтың айтуынша, мектепке түсуге жыл сайын шамамен 600-ге жуық адам тапсырып, 1 гранттық орынға 30 шақты оқушы таласады екен.

«Тіркеуден өткен үміткерлер наурыз айының 2-3 күндері екі кезеңнен тұратын тестілеуден өтетін болады. Оның нәтижесі 40 күн өткенен кейін ресми сайтқа жарияланады. Балаңыз жоғары білім мен үлкен мүмкіндіктерге ие болсын десеңіз емтиханға құжат тапсыруға асығыңыз», — дейді ол.

Айта кету керек, өңіріміздің шалғай аймақтарынан келуші үміткерлерге мектеп жатақханасынан орын қарастырылған. Емтихан жөнінде толық ақпаратты www.nis.edu.kz, tk.nis.edu.kz сайттарынан біле аласыздар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK