Алматы облысы Жаркент көпсалалы  колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушысын соққыға жыққан. Қазір осы  мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылып,  жұмыс  жүргізіп жатқанын мәлімдеді облыс әкімдігі.

Оқиға Жаркенттегі көпсалалы колледжде болған. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір ұстазға қатысты ҚР ҚК 140 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жұмыстан шеттетілген. Жаркентке барған комиссияның жұмысы тікелей облыс әкімінің бақылауында болмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK