Алматы облысы білім басқармасы оқу -әдістемелік орталағы
фото А. Нұршанов

2018-2019 оқу жылында облыс мектептеріне «Өлкетану» оқулығының бағдарламасы енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен  баспасөз мәслихатында  мәлім болды.

Елбасының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептердің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану, Алматы облысы» оқулығы екі тілде «Алматыкітап» баспасында әзірленді.

 

Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Алуа Қабдұлова, орынбасары Эльвира  Досаева және де І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің география және экология кафедрасының  профессоры, география ғылымдарының кандидаты Еркін Тоқпанов  аталған оқулықтың ерекшелігі, қалай әзірленгені турасында айтып берді. Аталмыш оқулық спикерлердің айтуынша, 2017 жылы 10 тамызда бекітілген ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасына және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемілік нұсқаулығына сәйкес  құрастырылған. Жарыққа шықпас бұрын «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірнеше пәндік сараптамасынан өткен.  108 393 дана болып жарық көрген оқулыққа 155 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мектептердің оқу процесіне енгізілген.

Алуа Қабдұлованың айтуынша, оқулықты енгізудегі мақсат- оқушыларға туған өлкесі туралы басты ұғымды және білімді бере отырып, оның дүниетанымын кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып, елжандылыққа тәрбиелеп, азаматтық  ұстанымын қалыптастырады.  Жұмыс тобына  құрамына оқулық авторлары, білім басқармасының және әкімдік өкілдері, тарих институты, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының, университеттің, өлкетану мұражайларының қызметкерлері қатысып, сараптаған.

Эльвира Досаева ,«Өлкетану» курсы оқушыларға туған өлкесінің тарихын, табиғи байлығын, рухани игіліктерін бреу мақсатында қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география мен музыка бойынша кіріктіре жүргізіледі. Курс көлемі 20 сағатпен шектеліп қалмайды. Ол сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, мұражай сабақтары, танымдық негізде де жүргізіледі. Осылайша, оқулық  әдебиет, география, биология, тарих, этномәдениет, археология және де басқа оқу материалдары негізінде жаңартылған білім мазмұнына құрылған.  Педагогтарға әдістемелік қолдау  көрсету мақсатында облыс аймағында тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, география, музыка пәні мұғалімдеріне арналып облыстық семинар өткізіліп келеді».

Жиын соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап қайтарды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK