Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік өртінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Қауіпсіз автокөлік» акциясын өткізуде, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Мұндағы негізгі мақсат – автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себептері бойынша өрттердің және адам өлімінің алдын алу.

ТЖД қызметкерлерінің автокөлікте өрттердің алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына қарамастан 2019 жылдың басынан облыс аумағында автокөлікте 5 оқиға тіркелген.

Мамандардың айтуынша, автокөліктердегі өрттердің басты себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуынан, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан және автокөліктің отындық жүйесін қыздыру барысында сақтық шараларын ескермегендіктен орын алуда.

Алматы облысының ТЖД барлық автокөлік иелерінен:

өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауларын сұранады;

— бензосымдардың дұрыстығын қадағалаңыздар, тозығы жеткен және жарамсыз электр сымдарын уақтылы ауыстырыңыз;

— сақтандырғыштың орнынан сым темірді қолданбаңыз;

— автокөлігіңізді нағыз қажет кезде керек болуы мүмкін алғашқы өрт сөндіру құралдары – өрт сөндіргішпен жабдықтаңыз.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтай отырып, Сіз автокөлігіңіздің отқа оранғанын көрген кездегі шарасыздық және көңіліңіздің қалуы сияқты сезімдерден аулақ боласыз. Автокөлікте өртті сөндірген кезде бір минутта кешікпеу керек, себебі автокөліктегі от тез арада ушығып таралып және өз жолында барлығын жойып, автокөліктің қираған қорабын ғана қалдырады.

Өрттің қандай орны толмас шығынға әкелетінін, адам баласына түсіндірудің еш қажеті жоқ шығар. Кімде кім отпен ұқыпсыз болса, ол оған көп қайғы әкеледі. Құрметті жүргізушілер, абай болыңыздар!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK