Бүгін Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы болып Батхолдинова Анар Қозыбайқызы тағайындалды. Жаңа басшыны активке қала әкімі Дастан Шалтабаев таныстырды.

«Анар Қозыбайқызы тиісті байқаудан сүрінбей өтті. Осыған дейін де өзін жан-жақты маман ретінде көрсете білді. Алдағы қызметіңізге сәттілік тілеймін» деді тиісті өкімге қол қойған қала басшысы.

Анар Батхолдинова 1976 жылы туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне құқықтану мамандығы бойынша оқуға түсіп, осы жылы еңбек жолын Талдықорған қалалық сотында сот отырысының хатшысы болып бастады. Әр жылдары Талдықорған қалалық көлік прокурорының стажер-көмекшісі, қалалық АХАЖ бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, кейіннен басшысы, Алматы облыстық Әділет департаментінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап Талдықорған қаласы әкімі аппаратында бас маман, заңгер-кеңесші; 2012 жылдан бүгінге дейін заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK