Талдықорғандағы «Жетісу» әуежайы жаңа екі ұшақпен толықты. «L-410» деп аталатын әуе кемесі Чехияда құрастырылған. Ішкі туризмді дамыту мақсатында сатып алынған ұшақтар 19 адамға арналған, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Ұшақтарды күтіп алу шарасына Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов қатысты. Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде 2019 жыл жаңа істермен, қуанышты сәттермен басталғандығын атап өтті.

– Өздеріңіз білесіздер облыс экономикасының дамуында тұрақты серпін сақталып отыр. Көзделген барлық жоспарлар орындалды, соның арқасында міне, «Жетісу» авиокомпаниясына құрылғаннан бері бірнеше рет жаңа ұшақтар алынды. Мұның барлығы Елбасының тапсырмаларын орындау аясында, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсарту және туризм саласын дамыту мақсатында іске асып отыр, — деді А.Баталов.

Сондай-ақ, өңір басшысы өз сөзінде бұл әуе кемелерімен науқас адамдарды да тасымалдауға болатынын айтты.

Айта кетейік, сатып алынған жаңа ұшақтар Талдықорған-Астана және Астана-Үшарал-Астана әуе бағыттары бойынша қатынайтын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK