Кездесуде келелі әңгіме өрбіді

191
Дереккөз

Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы Марлен Көлбаев Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымымен кездесті.

Дереккөз

Қашаннан да мәдениет пен өнерге жақын жүріп, облыстық және қалалық мәдени шараларда артистер қауымымен бірге қоян-қолтық жұмыс жүргізіп келген жаңа басшыны театрдың шығармашылық тобы жарқын жүзбен қарсы алды. Жақсы тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Дереккөз

Өз кезегінде Марлен Қапашұлы да алдағы уақытта театр ұжымымен байланысты нығайтып, репертуарларының тереңдей түсуіне, гастрольдік іс-сапарларының көбеюіне, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының жақсаруына барынша ықпал ететінін айтып, келелі әңгіме өрбітті. Кездесу соңында театр директоры Руслан Исабекұлы Сенкебаевқа «Қазақ өнерінің қайраткері» медалін тапсырды.

Дереккөз


Үсен Өмірзақов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK