Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып, өрт сөндіру қызметінің полковнигі Ерлан Нұрпейісов тағайындалды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісов азамматтық қорғау органдарында 1989 жылдан, қазіргі лауазымында 2018 жылғы 25 желтоқсаннан қызмет атқарып жатыр. 1989-1992 жылдары аралығында ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін тәмамдаған. 1995-1998 жылдары ҚР ІІМ Алматы жоғарғы өрт-техникалық училищесінде білім алған.

2005 жылы Шығыс-Қазақстан облысы МБҚБ басшысының орынбасары болған. 2006 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2007 жылы Шығыс-Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалының басшысы болды. 2012 жылы ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды.

Мемлекеттік наградалары:  І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін»;  ІІ дәрежелі «Айбын» ордені; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK