Бір күні Қожанасыр базардан бір қарға сатып алыпты. Оны көрген көршісі: — Қожеке бұл құсты немереңізге алдыңыз ба?,  – деп, сұраса,   ол:  — Жоқ, өзіме сатып алдым, — депті.

Сонда көршісі: — Қожеке  сіз үнемі қалжыңдайсыз да жүресіз, оның сізге қажеті қанша? –десе, Қожанасыр: – Қалжыңдап тұрғам жоқ. Қарғаны  өзіме сатып алдым. Біреулер  қарға мың жыл жасайды дейді ғой. Шынымен де  ол мың жыл өмір сүре ме? Соны білгім келді, –  деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK