Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті

344

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді,  — деп хабарлайды taldykorgan-online.kzАқ ордаға сілтме жасап.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2018 жылғы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK