Бүгін қала әкімдігінде Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасында өткен Спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Аталмыш додаға 11 әскери бөлім қатысып, спортың 17 түрі бойынша мықтыларын анықтаған. Үздіктерді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С.Арзанбекова құттықтады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Салтанатты жиында сөз алған Сәуле Аманбайқызы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен әрбір әскери бөлім командирлері мен басшыларына ризашылығын білдіріп, Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың алғыс хатын, бағалы сыйлықтарын табыстады.

Аталмыш сайыста өзгелерден басым түскен 54 380 әскери бөлімі Спартакиаданың бас жүлдесін ұтып алды. Ал, 21 751 әскери бөлімі екінші орын алса, үздік үштікті 18 404 әскери бөлімі түйіндеп отыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK