Жастарға жігер берер жыл болсын!

132

— Еліміз үшін де, біздің оқу орнымыз үшін де табысты жыл болды. Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің 7 бағытын айқындап берді. Елбасы келер жылды Жастар жылы деп жариялады.  Тарихты бағамдап, ұлылардың бағасына жететін  жігер жастар бойында  болсын!

Өткен жыл   университет ұжымы үшін табысты жылдар қатарына енді. Көпсалалы университеттердің ұлттық рейтингісінде    (Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi  БСҚТҚА-2018)  университет 10-орынды иеленді.   Университет  бірінші рет   Еуропа және Орта Азия дамушы елдерінің  QS аймақтық рейтингісінде 300 үздік жоғары оқу орындарының ішіне енді.  Бұл рейтингке ТМД және Еуропа елдерінен 2900-ден  астам университет қатысқан болатын.  Солардың арасынан  І.Жансүгіров   атындағы Жетісу мемлекеттік университеті  201-250-ші  орын аралығына кірді (ТОП 201-250).    Академиялық ұтқырлық бойынша  24  білім алушы (17 студент, 7 магистрант)  Польша, Испания, Чехия,  Латвия,  Ресей, Қазақстан  жоғары оқу орындарында білім алды. Оның ішінде 1 студент   Erasmus+КА107 бағдарламасы бойынша оқыды.

2017-18 оқу жылында академиялық ұтқырлық аясында шетелдік 11 оқытушы (Болгария, Польша, РФ, Белоруссия, Украина) элективті курс жүргізді, Қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарынан 4 ғалым  дәріс өткізді.  Мақсатты маман даярлау бойынша  3 докторант, 1 магистрант  оқуын бітірді.

Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын.Ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK