Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәрлен Көлбаев  Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Мәрлен Қапашұлы 1976 жылы Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек ауылында дүниеге келген.

«Жетісу» институты және Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын бітірген. Мамандығы бойынша экономист — менеджер, заң бакалавры.

Еңбек жолын 1996 жылы Талдықорған қаласында Ішкі істер басқармасы күзет бөлімінен бастаған.

Әр жылдары Ішкі істер басқармасының күзет бөлімінің полиция қызметкері, «Жетісу» институтының техникалық директоры, әскери — тіркеу столының және кадр бөлімінің инспекторы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, № 2 оқу корпусының директоры, техникалық директоры және біліктілікті арттыру институтының директоры, проректоры, «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас менеджері, Адами ресурстарды басқару департаментінің жобаларды басқарудың бас менеджері, «Жетісу Агро Сауда» ЖШС-нің Талдықорған аймағы бойынша өкілі, бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK