Талдықорған қалалық мәслихаты депутаты Жамал Нұрлыбаева
дереккөз

Депутаттарға арналған «Біздің ДЕПУТАТ» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2018 жылдағы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының ішінен үздіктер анықталды.

Сондай-ақ, 17 облыстық мәслихат депутаттары арасынан 14 депутат «Үздік депутат» деп танылды. Ал  14 қаладан 11 депутат «Үздік депутат» медалімен марапатталды.

Республика бойынша облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының жалпы саны – 900-ге жуық. Солардың ішінде топ жарған 25 депутатқа облыстық мәслихат сессияларында медаль табысталады. Жыл соңына дейін аудандық мәслихат хатшылары мен депутаттарына арналған рейтинг нәтижесі қосымша хабарланады.

Еліміз бойынша «Үздік депутат» атағына Талдықорған қалалық  мәслихатының депутаты  Нұрлыбаева Жамал Нұратайқызы  ие болды.  Жылдың үздігі атанған халық қалаулысының жұмысы табысты бола берсін!  Марапатты Талдықорған қалалық  мәслихатының хатшысы Қайрат  Бұлдыбаев салтанатпен табыстады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK