Балаларға қуаныш сыйла!

194
Фото авторы А.Нұршанов

Жаңа жыл қарсаңында «Алтын Жан» және «RINA.KZ»  еріктілер орталығы қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Статус» ойын-сауық кешенінде «Балаларға қуаныш сыйла!» атты мерекелік шара өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

Аталмыш қайырымдылық шарасына мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік аз қамтылған отбасының, «Алтын» және «Күміс алқа» иелерінің балалары қатысты. Жаңа жылдық кешке «Статус» ойын-сауық кешені демеушілік жасап, жүзден астам бүлдіршінге сыйлық табыстады.

Фото авторы А.Нұршанов

«Бұл біздің алғашқы бастамамыз. Игілікті шараны жоғарғы деңгейде өткізу үшін әр қызметкер білек сыбана кірісті»-деп атап өтті ұжым мүшелері. Шара соңында «Алтын Жан» еріктілер орталығының президенті Жанна Қанатханова қайырымдылық акциясына белсене қатысқаны үшін «Статус»  кешенінің басшылары мен «RINA.KZ» іздеу еріктілер орталығын Алғыс хатпен марапаттады.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK