Архившілер құрметтелді

Баршаға белгілі, елімізде  2020 жылдан бері Үкіметтің  арнайы қаулысымен мерекелік күндер күнтізбесіне сәйкес  22 желтоқсан- Архившілер күні  болып белгіленіп, аталып өтілуде.  Бұл күнді таңдап алу бекер емес. Өйткені, 1998 жылы дәл осы күні елімізде тұңғыш рет Ұлттық архив қоры жайлы Заң қабылданған болатын.

 Апта басында Талдықорған қаласындағы  Салтанат сарайында Жетісу облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен архив саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш іс-шараға облыстық мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасының басшысы, басқарманың бөлім басшылары, мамандары, басқармаға қарасты мекеме басшылары, мемлекеттік архивтің қызметкерлері, облыстық кәсіподақ ұйымы, архив ардагерлері, мемлекеттік архивтің филиалдары, БАҚ өкілдеріқатысты.

Дөңгелек үстел барысында қонақтар тарапынан құттықтау сөздері айтылып, архив саласының қызметкерлері төсбелгілермен, әртүрлі дәрежедегі құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. Мәселен, М.Байденова, Г.Шарипова, М,Карипова, Е.Зыряноваға «Архив саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.  Бұл күні  мұрағатшылар Жетісу облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен  Алғыс хатқа ие болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз