«Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының алғашқы түлектері сертификат иеленді

«Табысты отбасы» әлеуметтік  жобасының алғашқы қатысушыларына салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Бұл жоба аясында республиканың бес облысы бойынша   бірінші лектің 114 қатысушысы оқуын сәтті аяқтап шықты.

28 желтоқсан күні  Жетісу облысының  24 тұрғыны «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы салтанатты түрде сертификат алды. Олар  бір ай бойы қарқынды кешенді оқытудан өтті. «Табысты отбасы» жобасына қатысушыларды, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілдері, қоғам белсенділері, бизнес-тренерлер мен жоба тәлімгерлері құттықтады. Жобаға Жетісу өңірінен қатысқан 24 адамның  8-і   әлеуметтік желілерде маркетинг бойынша бейіндік білім алды, облыстың 6 тұрғыны bеauty саласын таңдады және 5 қатысушы «Кондитерлік іс» және 5 қатысушы «Тігін ісі» мамандығы бойынша оқудан өтті. Алайда, қатысушылар үшін жоба мұнымен аяқталған жоқ, үш ай ішінде олар өз ісін енгізу және дамыту мәселелерінде тәлімгерлерден әлі де қолдау алатын болады және ең бастысы, олардың 150 АЕК сомасына жабдықты өтеусіз алу мүмкіндігі бар.

Бұл жерде «Табысты отбасы» жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауының арқасында іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Қордың басым бағыттары ел үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру болып табылады. Бұл халыққа медициналық және әлеуметтік көмек. «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қор «Самұрық-Қазына» өңірлерді және алыс ауылдарды дамытуға баса назар аударады.

«Бүгінгі сертификаттарды тапсыру, оқудан өткен және өз ісін ашуға мүмкіндік алған отбасылар үшін өте маңызды оқиға ғана емес, бұл оқиғаның әлеуметтік маңызы зор осы аймақтың экономикалық дамуы. Біз жаңа жыл қарсаңында ондаған қазақстандық отбасылардың сана-сезімін өзгерткеніне, тәжірибелі тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан кешенді оқытудан өткеніне және өз ісін ашу және сол арқылы өздерінің отбасылық байлығын арттыру үшін нақты қолдау алғанына қуаныштымыз. «Табысты отбасы» жобасының әрбір қатысушысына оның ісінің өркендеуін, амандығы мен денсаулығын тілейміз»,- деп жоба түлектерін «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілі құттықтады.

«Жобаның бірінші күні қатысушылардың әрқайсысы өз проблемалары мен қорқыныштарымен келді, бірақ әркімнің бір мақсаты болды ол — өз ісін ашу. Бір айдың ішінде олардың әрқайсысы үлкен жұмыс атқарды, жаттықтырушылар өздерінің жеке әлеуетін ашуға, кәсіпкерлекті дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелеріне көмектесті, жоба дизайнерлері жобаның әр түлегі үшін логотип әзірледі. Қарқынды оқытудың бір айында барлығы біртұтас  отбасы болып шықты, осы жобаның әрбір қатысушысы өз мақсатына жететініне, өзінің табысын арттыра бастайды деп сенімдімін»,- деді жоба тәлімгері Арнұр Тоқанұлы.

Естеріңізге сала кетейк, «Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жоба  1 желтоқсанда Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде, сондай-ақ республикасының Түркістан және Ақтөбе облыстарында бастау алды. Жоба халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларың мүшелері, сондай-ақ, балаларды жалғыз және ерекше қажеттіліктері бар балаларды  тәрбиелеп отырған отбасыларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған. Оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар тігін ісін, автоэлектрик, кондитерлік өнімдер, beauty саласы және әлеуметтік медиа менеджері сияқты бес бейіндік бағыттын бірін таңдайды. Жобаның басты ерекшелегі бейіндік оқытудан, тәлімгерлік сүйемелдеуден, жеке өсу және бизнес-дағдыларды бойынша тренингтерден басқа, қатысушы сабаққа белсенді қатысып , жаттықтырушы мен тәлімгердің барлық талаптарын орындаған жағдайда өз ісін ашу үшін қажетті  жабдықтарды өтеусіз алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз