Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында талдықорғандық Бөрібай Қызырхан жылыжайда өзі өсіріп-баптаған қиярдың кезекті өнімін сатылымға шығармақ. 2010 жылдан бері жылыжайда көкөніс өсіруді қолға алған кәсіпкердің сапалы өніміне сұраныс жоғары.

Талдықорғандық жеміс-жидек сатумен айналысатын дүкен иелері мен базарда тұрып көкөніс сататын азаматтар кәсіпкерден өнім жинайтын уақытын нақтылап, тапсырыс та беріп қойыпты. «Тұтынушылар қатары жетерлік, бірақ, күн сәулесінің жетімсіздігінен өнімді күнде жинау мүмкін болмай тұр. Күн ұзарған сайын қияр өскіндері де тез жетіледі. Қазіргі таңда күн ара 30-40 келі қиярды сатылымға шығаруға дайынбыз. Қаңтар айының 20-на таман екінші жылыжайдағы қиярлар пісе бастайды»,-дейді кәсіпкер. Жылыжайда көкөніс өсіруге әбден машықтанып алған Бөрібай Қызырхан  өзі жете меңгерген кәсіпті өзгелерге де үйретуден еш жалыққан емес. Жастарды еңбекке баулып, олардың алған білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беріп отыр. «Еңбегімнің нәтижесі- ең әуелі Елбасының кәсіпкерлікті қолдауға жасаған қамқорлығының арқасы, халқымыз аман,аспанымыз ашық болса екен деп тілеймін. Мемлекетіміз тәуелсіздік тұғырында нық тұрып, болашақта озық елдермен терезесі тең,керегесі кең болатынына сенемін. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын,ағайын!»,-дейді кәсіпкер.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page