Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаев 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қазақстандықтардың ең төменгі жалақысының мөлшерін  бұрынғы 28 мың 284 теңгеден 42 мың 426 теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын. Осыған байланысты, Жетісу өңіріндегі  41  ірі кәсіпорындағы  24 мың 300-ден астам еңбеккердің 5814-нің жалақысы өспек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдасытырған «Алматы облысындағы айлық жалақыны көтеру бойынша жүргізілген жұмыстар» тақырыбында өткен  баспасөз-мәслихатында айтылды.

дереккөз

БАҚ өкілдері алдында сөз алған облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Жаншабай Керімбек: «2018 жылдың 7 қарашасынан бастап облыс әкімдігі Кәсіподақтар федерациясы және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің жалақысын арттыру аясында штаб құрылды. Олар жан-жақты жұмыс жасап, осы уақыт аралығында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, облыста 1 812 жұмыс беруші тіркелгенін анықтады. Онда 45 888 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінде, аймақтағы мемлекеттік мекемелер мен басқа да саладағы 12 мың 926 қызметкердің жалақысын арттыру көзделген. Оның ішіндегі 41 ірі кәсіпорында – 5800-ден астам, 113 орта кәсіпорында – 2696, 1658 шағын кәсіпкерлік субъектілерінде  – 4455 адамның еңбекақысы арттырылмақ», — деді. Осыдан соң басқарма басшысы тілшілердің қойған сауалдарына жауап беріп, алда атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page