Алматы облысында мемелекеттік органдар жұмысына талдау жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік мекемелерде жиналыстар екі есеге азайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевтың айтуынша облыстағы мемлекеттік органдар жұмысындағы бизнес-процесстерді оңтайландыру нәтижесі шықты. Арнайы мониторинг пен талдаудан кейін мемлекеттік органдар сұрататын ақпарат, есептердің бірыңғай тізбесі бекітілді. «Нәтижесінде есептер саны 30%-ға, жоғары тұрған органдар сұраулары 45%-ға қысқарды. Сонымен қатар, қағаз түріндегі келісімдердің қайталануы жойылды. Бұған қоса, облыстағы басшылардың қатысуымен өтетін жиналыстар саны да 2 есеге азайды», — деді департамент басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page