Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев Еркін ауылдық округінде тұрғындармен кездесіп, бос тұрған Еркін ауылының әкім лауазымына кандидаттарды таныстырды.

 Қала әкімі бос орынға кандидаттар ретінде Әбілбаев Дархан Қуатұлы, Құрмашев Бекзат Жанатбекұлы және Матаев Қайрат Замантайұлын таныстырды.

 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 36-1 бабына сәйкес 2018 жылғы 19 қарашада Талдықорған қалалық сайлау комиссиясы Еркін ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанына байланысты «Еркін ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» №14 шешімімен сайлауды 2018 жылғы 19 желтоқсанына тағайындады. Осыған орай қазіргі таныстырған үш азамат алдағы уақытта өз бағдарламаларын ұсынатын болады. Өздеріңіз тұратын ауылға жайлы, жақсы әкім болады деген кандидатқа дауыс беріп, сайлап алуға жақсы мүмкіндік», — деді қала әкімі Дастан Шалтабаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page