Талдықорғанда жылумен қамту қызметіне компенсациялау тарифтері енгізілді

39

Талдықорған қаласында жыл басынан бері екі мәрте жылумен қамту қызметіне компенсациялау тарифі енгізілген. Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тариф 5 989,28 теңге/Гкал-ға дейін, ал 1 қазаннан бастап 5 298,66 теңге/Гкал-ға дейін төмендетілген.

Сол сияқты биылғы жылдың 1 қазанынан Қапшағай қаласының тұтынушылары үшін жылумен қамту қызметінің тарифі 1200,84 теңге/Гкал-ға дейін төмендетілді.

Сонымен қатар Бас прокуратураның тапсырмасын орындау мақсатында прокуратураның, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Департаментінің және басқа да мемлекеттік органдардың мамандарынан жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобы коммуналдық шаруашылық мекемелерінің жұмыстарында табиғи монополиялар туралы заңнамалардың сақталуына қатысты тексеру жүргізді.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Департаментінің мәліметінше, соңғы үш жылда инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметаларды орындауға қатысты коммуналдық мекемелердің есептерін қарау нәтижесінде Алматы облысы бойынша 3,8 млрд. теңгеден астам сомада компенсациялау тарифі енгізілген.

Коммуналдық қызметтер тарифінің негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары Алматы облыстық әкімдігі мен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің Департаменті тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жылумен қамтушы кәсіпорындарда тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылуына жүйелі мониторинг жасалады.

http://www.zhetysu.gov.kz»

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page