Азаттық үшін алысып өткен Алтайдағы қазақтардың қилы өмір тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. «Азаттық аңсаған қазақ көші және ел бастаған Елсіхан» атты Алматыда өткен ғылыми конференцияда жазушы Жәди Шәкенұлы осылай деді. Өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы кеңестік қызылдардың саясатын қолдап, қытайлық зұлматтың қол шоқпары болған Шыңжандағы Шың Шысай билігімен ұзақ жыл соғысып, ақыры аяусыз қырғынға ұшыраған елге басшы болған батырдың бірі Елсіхан Әліпұлының туғанына биыл 110 жыл.

«Қаралы көш» романының басты кейіпкері Елсіхан 24 жасында қол бастап, небәрі 35 жасында Үндістан жерінде отбасымен бірге қазаға ұшырайды. Алтайдағы қазақ қолын бастаған Елсіхан әскерлері бір сәтте қытайлық билікпен қатар кеңес одағының қызыл жендеттерімен де соғыс жүргізді. Ақыры аяусыз қырғынға ұшыраған арғы беттегі ағайын туған жер, ұшқан ұясын амалсыз тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған. Ұзыныдығы мың шақырымнан асатын Такла Макан шөлі мен Гималай тауында он жылдай соғысып көшкен қазақ көшінің тек үштен бірі ғана Үндістанға аман жеткен. Бүгінде түркия арқылы франция, гемрания сынды еуропа елдерін шарлап кеткен қазақтардың көшу тарихы осылай басталады. Сондықтан он жылға соғысқан көштің тарихы әліде көп зерттеуді қажет етеді.

ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫ ЖАЗУШЫ
Ел мен жерді қорғауда Ерлер өзінің рухын биіктеткенде ғана осы Көк байрақты мәңгі көк жүзінде желбірете беретін ұрпақтар аталардың мойнына алған парызы мен қарызын орындайды. Кешегі ел бастаған Елсіхан небәрі 35 жасында шәйіт болса, бүгінгі ұрпақ өзінің тәуелсіз Отанында бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Ендеше бақытты ұрпақ өзінің Отанын аяулау, қорғау керек. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласының аясында осындай ерлеріміздің рухын ұрпаққа санасына жаңғыртуды мақсат етеді.
¤
Жазушының айтуынша кеңес кезінде жарық көрген шығармалардың көбі коммунистік цензураға ұшыраған. Ақиқаттан алыс. Сондай-ақ, бүгінгі ғылыми конференцияда Жәди Шəкенұлының “Ел бастаған Елісхан” деректі зерттеулер кітабы мен «Бозмұнар» романының да тұсауы кесілді. Бүгінде жазушының кітаптары түрік тілдеріне де аударылып үлгерді. Ел-жұртын зұлымдықтан құтқару жолында жан аямай арпалысқан күрескер тұлғаның соңында тұяқ қалмаған. Бірақ Ұлт қаһарманы, небәрі 35 жасында опат болған Елсіханнан ұрпақ қалмасада, оның еңбегін бағалаған елі Алматыда ас берді.
¤
АХМЕТ ТОҚТАБАЙ
ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ Еліміздің егемендігіне, бостандығына, содан кейін Тәуелсіздіктің мәнді, мәңгі болуына керек. Тәуелсіздік деген сынап сияқты дейді батыстың бір философы. Қолыңа қатты қыссаң сырғып шығып кетеді. Аялап, абайлап ұстау керек. Сол сияқты аялап ұстасаң ғана Тәуелсіздіктің жемісін жейсің. Тәуелсіздік баянды болу үшін біз еліміздің қаһармандық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, халықтың рухын көтеру үшін осындай тарихи романдар керек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page