Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп
дереккөз

Қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Әріптестер, сапқа тұр, жарысайық!» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Бұл — Елбасының  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектеп ұжымының өзара сайысы. Жарыс   білім ордасының басшысы Шалқар Құдайбергеновтың  құттықтау сөзімен ашылды.

Спорттық щараның  шарты  бойынша таныстыру, белгілерді айналып өту, жүгіру, секіру, қыз қуу,қаппен жүгіру, шармен секіру,  допты себетке тастау, тапқырлықты шындау, жұптасып  және командамен орындалатын тапсырмалар тартысты  болды. Ең соңғы  кезеңде қатысушылар   топтасып арқан тартты.

«Рухани жаңғыру», «Жастар», «Томпақтар», «Қыран »топтары нәтижелі ойын көрсете білді. Жарыстың аты-жарыс. Оза шапқандар алдыңғы лектен көрінді.  «Қыран» командасы-бірінші, «Рухани жаңғыру» мен  «Жастар» — екінші  және  үшінші  орынға «Томпақтар» командасы ие болды. Жеңімпаздарға  мектеп директорының Құрмет грамотасы табысталды.

                                                                                                  М.Ботаева,

Бақтыбай Жолбарысұлы

 атындағы №18 ОМЛ

 кітапханашысы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page