Талдықорған аруы анықталды

105
Фото авторы А.Нұршанов

І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында  “Талдықорған аруы-2018” байқауы өтті. Айта кетейік, аталмыш байқау өңірімізде 2009 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сұлулық сайысы “Қазақстан аруы” Ұлттық байқауының дирекциясымен келісіліп, қала әкімдігінің қолдауымен  өткізілетін ресми жоба. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен  16-25 жас аралығындағы 14 ару  финалға жолдама алған болатын. Бойжеткендер “Таныстыру”, “Әсемдік әлемі”, “Сұлулық әлемі” сынды үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде әр ару өзін таныстырса, екінші кезеңде сахнада жүру, өзін-өзі  ұстау шеберлігі сыналды. Ал, үшінші кезеңде қыздардың көйлек таңдау талғамы ескерілді.

Фото авторы А.Нұршанов

Ауқымы кең сұлулық сайысында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Дәурен Оқапов пен “Хан-Тенгри” тобы  әсем әннен шашу шашса, “Талдықорған әуендері” фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің бишілері мың бұрала би биледі. Сондай-ақ,  сұлулық сайысына эстрадамыздың жас жұлдыздары “Alem band” тобы арнайы келіп, өнер көрсетті. Әділқазы алқасының шешімімен  “ ІІІ вице Мисс Талдықорған” Адема Абылай,  “ІІ Вице Мисс Талдықорған”  Мадина Жабықбай, “І Вице Мисс Талдықорған” Анастасия Васюнина атанды.

Жазира Әділбекқызы
Фото авторы А.Нұршанов

Ал, “Талдықорған аруы-2018” атағына 18 жасар Жазира Әділбекқызы лайық деп танылды. Алдағы уақытта жеңімпаз бойжеткен   “Қазақстан аруы-2018” Ұлттық байқауында қаламыздың намысын қорғайтын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page