Тұмауға қарсы 280 мыңнан астам вакцина жеткізілді

113
Ерғали Сыдыманов
Фото авторы Д.Сағындық

2018-2019 жылдардың алдағы эпидмаусымында  А (H1N1) — Мичиган, А (H3N2) — Сингапур, В — Колорадо сынды тұмаудың үш түрі жиі кездеседі деп болжануда. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов мәлімдеді.

Облыс бойынша 2017-2018 жылдары эпидемиялық кезеңде ЖРВИ-дің 40601 жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылық деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда 25 % төмен. Биылғы  эпидемиологиялық кезеңге облыстық бюджеттен “СК-Фармация” ЖШС арқылы тұмауға қарсы Ресей Федерациясы өндірген  280 мыңнан астам “Гриппол” вакцинасы сатып алынды. Осы арқылы тұмаудың аталмыш үш типінің алдын алуға, иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік зор болмақ. Ерғали Жақсыбекұлы “Жыл сайын жергілікті бюджеттен иммундауға жататын контингенттерді егуге қаржы бөлінеді. Аталмыш санатқа жататын диспансерлік есепте тұрған балалар, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балалар, қарттар, балалар, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедектер,  жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар, сонымен қатар медицина қызметкерлері бюджет қаражаты есебінен вакцинацияланады. Тұмауға қарсы иммундау облыста қыркүйек айының соңынан бастап жүргізілуде”-деп атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page