Халық қалаулылары сайлаушылармен кездесті

0
162
Талдықорған қалалық мәслихаты
Суретті түсірген: А.Нұршанов

Қаламыздағы №27 орта мектептің акт залында VI шақырылымдағы Талдықорған қалалық мәслихатының №3, 5 сайлау округтері депутаттары Жамал Нұрлыбаева, Марат Досқалиев тұрғындармен кездесу өткізді. Халық қалаулыларының жиынына  Талдықорған қалалық мәслихаттың хатшысы Қайрат Бұлдыбаев және де  қала әкімдігі бөлімдерінің  жауапты мамандары қатысты.

Әр депутат атқарылған жұмыстарға, мәслихатта қаралған мәселелер бойынша шешімдердің орындалуы туралы ақпарат берді. Осы оқу жылында қала бойынша №27, 28 орта мектептер  жаңадан  ашылды. Қаланың  саяжай аймағы аталып кеткен солтүстік-батыс аймақта жаңадан тұрғын үйлер салынып, инфрақұрылымдық жүйелер тартылу үстінде. Жаңадан пайдалануға берілген  мектепке балалары қатынап оқитын ата-аналар  қоғамдық көліктің дұрыс жүрмейтіндігін айтып шағымданды. Сондай-ақ,  тұрғындар қаңғыбас ит, жарық,  қоқыс, жол, ауыз су, учаскелік инспектор жұмысы турасындағы мәселелердің оң шешімін табуын, депутаттардың көмек қолын созуын сұрады.

  Қалада атқарылып жатқан  әр істің халық игілігіне жасалып  жатқандығы белгілі. Депутаттар тұрғындар көтерген ұсыныстарды қарастыратындықтарын, әр сауалдың жауапсыз қалмайтындығын айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here