Талдықорған әкімдігінде жаңа бөлімше ашылды

0
173
Мерей Айнеков

«Талдықорған қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі жанынан Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесі құрылды. Оған басшы болып Мерей Айнеков бекітілді.

«Жаңа бөлімшенің негізгі мақсаты — мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Қызметіңе сәттілік тілейміз!» деді бөлімше басшысын активке таныстырған  қала әкімі Дастан Шалтабаев.

Мерей Айнеков 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен бастаған. 2015 жылы Үштөбе қаласы әкімі аппаратында, 2017 жылдан бері Талдықорған қаласы әкімі аппартында қызмет еткен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here