Жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындары: алғашқы алтын қоржынға түсті

0
154
дзюдошы Бекарыс Сәдуақас

Аргентина астанасы Буэнос-Айреста өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтынды салды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Алматы облысы Кербұлақ ауданының тумасы, дзюдошы Бекарыс Сәдуақас осылайша жеңістің дәмін татуда. Отандасымызды мерейлі жетістігімен құттықтаймыз.
Он жеті жастағы Бекарыстың бұдан да бөлек ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар. Бүгінде дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2016 жылы 81 келі салмақ дәрежесінде Словения мемлекетінде өткен Еуропа кубогінде ІІ орын, сондай-ақ, 2017 жылы 90 келі салмақ дәрежесінде Еуропа кубогінде жүлдегер атанды. Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында І орын иеленген.

Спортшы мұнымен тоқтап қалмады. 2018 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 90 келі салмақ дәрежесінде І орын, Түркия мемлекеті Анталия қаласында өткен Еуропа кубогінде І орын, Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен Азия кубогінде І орын, Ливан мемлекетінде өткен Азия чемпионатында І орын, Қырғызстан Республикасы Ыстықкөлде өткен Азия кубогінде І орын, Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен дзюдодан Азия кубогінде жасөспірімдер арасында 90 келі салмақ дәрежесінде және жастар арасында 100 келі салмақта І орын иеленген.

Айта кетейік, 6-сы мен 18-ші қазан күндері аралығында өтетін додаға елімізден 22 спорт түрінен 57 отандасымыз бақ сынауда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here