Талғат Қайнарбеков: Жолдау – жаңа белестер бастауы

0
241
Талғат Қайнарбеков
Дереккөз

Барша қапшағайлықтар  Елбасының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған Жолдауын мұқият тыңдап, алдағы алар асуымыз бен биік белестеріміздің бастамасы болатын маңызды құжаттың әр тармағын жан-жақты талқылаудамыз.

Ондағы баршамызға міндеттелген тапсырмаларды бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмыла іс-жүзінде асуына  атсалысарымыз сөзсіз. Әсіресе, спортпен айналысып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бұл ретте Қапшағай қаласында екі жылдан бері 30-ға жуық аула жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, балаларға арналған ойын және футбол, баскетбол алаңдары жасалып келеді. Биыл да осы мақсаттағы жұмысымыз жалғасып, тағы да 29 аула ретке келтіріліп, халық игілігіне беріледі. Онымен қоса, тұрғындарды үймен қамтамасыз ету жұмысы да қарқынды түрде қолға алынған. Биыл 50 пәтерлік несиелік жаңа көп қабатты тұрғын үй жыл соңына дейін қолданысқа берілмек. Алдағы уақытта да мұндай игілікті істер жалғасын табады.

 Талғат Қайнарбеков, Қапшағай қаласының әкімі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here