Аманжол Жазықбаев: Маңызы бар құжат!

0
35
Аманжол Жазықбаев
Дереккөз

Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңызды мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Жолдауда білім саласы бойынша түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып отыр. Зияткер ұлтты қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті қоғам болуда бұл маңызды қадамның бірі.

Еліміздің қарыштап дамуында, әлем аренасында көк туымызды желбіретіп тұру үшін білімді ұрпақты қалыптастыруымыз қажет, өйткені олар кемел келешектің кепілі болмақ! Білім – ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың, озық 30 елдің қатарына енудің басты құралы. Елбасы елдегі білім ордалары Назарбаев зияткерлік мектебінің жүйесі бойынша білім алуы керектігін де айтып өтті. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші ұстаздардың мәртебесі туралы заң қабылдау тапсырмасы біздің білім саласындағыларға үлкен стимул болары сөзсіз. Сондай-ақ, Жолдауда жастар да назардан тыс қалмады, 2019 жылды “Жастар жылы” деп жариялады. Елбасының жастарды ерекше атап өтуі, жастардың бойындағы жауапкершілікті арттырады. Жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктер үшін алғысым шексіз.

Аманжол  Жазықбаев, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, АНТ мүшесі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here