Н.Нұратов: «Бұқаралық спортты дамыту — басты назарда»

0
116
«Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мекемесінің директоры Нұратов Нүркен Қанатұлы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті үндеуін спортшылар жоғары ықыласпен қабылдады. Дәстүрге айналған Жолдау жыл сайын өзінің көптеген жаңалықтарымен ерекшеленеді. Биылғы Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталуын мағынасы зор. Ел экономикасының дамуымен қатар, халықтың әл-ауқатын өсіру дамыған отыз мемлекеттің қатарына енудің нақты қадамы айтуға толық негіз бар.

Жолдаудың әр бөлігі тұрмысты жақсартуға бағытталған. Мәселен, мемлекет басшысы  өзінің үндеуінде: «Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет. Үкімет пен әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ, қолданыстағы әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулалар мен парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет» деп үкіметке нақты тапсырма берді. Бұл спортшылар үшін үлкен қолдау.

Айта кетейік, бүгінде Елбасының Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды орындау Алматы облысында тұрақты жүріп келеді. Мәселен, биылғы жылдың өзінде бірнеше ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтерді. Сондай-ақ, қапшағай қаласында да бірқатар спорттық құрылымдар қолданысқа беріліп, халық игілігін көруде. Бұқаралық спортты дамыту қаламызда үнемі қолдау үстінде. Биылғы жолдаудан кейін мұндай игілікті шараның кең көлемде тасқындай түсетініне толық сенім білдіремін. Ұлт денсаулығын нығайтуда, салауатты өмір салтын насихаттауда көптеген ауқымды іс атқарылып келеді. Ірі спорттық нысанның бой көтеруі Елбасының сарабдал саясаты мен салауатты өмір салтының қолдауы және Жолдауда көрсетілген бағыттардың жүзеге асуы деп санаймын. Тұрақты қолдаулардың арқасында ауыл спорты дамып, әлемдік аренада көк туымыз желбіреп, Гимніміз шырқалатыны сөзсіз.

«Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебі» комуналдық мекемесінің

директоры Нұратов Нүркен Қанатұлы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here