кітапхана директоры
дереккөз

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты халыққа арнаған Жолдауын қолдау, «Нұр Отан» партиясының  20 жылдығы қарсаңында «Ұлт көшбасшысына айналған дара тұлға»  деп аталатын  кеш Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханада өтті.

Жергілікті ақын-жазушы, журналист  Өкітай Ахмет, Болат Бисұлтанов, Кенжехан Рақыш, Жүкел Хамай  және «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Жазықбаев, партия ардагері,  қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Шәкірт Әбдікерімов жастармен ұйымдастырылған кездесудің қонағы болды.

 Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  директоры Күлпан Сейітжанова :«Тұңғыш Елбасы еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімге қол жеткізуде аянбай тер төкті. Экономикамызды, санамызды, білім-ғылымды дамытатын,  жаңғыртуға  бағытталған мәселелерді көтеретін  халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы өте маңызды. Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан даму, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында тарихи өрлеу бастауында біртұтас ұлттық рухымызды  жаңғырттық.  Ендігі Жолдау   қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі мен  тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отыр. Біздің кітапхана қызметкерлері  оқырмандар сұранысына сай қызмет көрсетеді»,-деді.

 Партияның  қалалық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Тоқтарұлы, келер жыл  Жастар жылы болып жарияланғандығына назар аударып, жастардың белсенді, білімді болуға ұмтылулары керек  деген ойын білдірді. Өзге қонақтар да маңызды құжат туралы пікірлерін айтты. Өкітай Ахметов жаңадан  жарық көрген кітаптарын кітапхана қорына  ұсынды.

Қонақтар «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты бейнебаянды көріп тамашалады. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси,әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасының стратегиялық бастамалары болашақты болжай білетін көрегендігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсті.  Ендеше, Елбасының  халыққа арнаған  жаңа Жолдауы  мол жауапкершілік  жүктейді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here