Алматы облысы 7-20-25 бойынша бастапқы жарнаны азайту мақсатында 2 млрд теңге бөлді

0
47
Амандық Баталов, 7-20-25
дереккөз

«Баспана» Ипотекалық ұйымы, Алматы, 10 қазан. Мемлекет Басшысы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына «7-20-25» тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті Меморандумға қол қойды.

Осылайша, аймақ тұрғындары мамандар 2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады.

«Алматы облысының әкімдігіне бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларға дер кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Еліміздің қалалары мен облыстарында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы орындау ипотекалық бағдарламаға үлкен серпін беретін болады», — деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде «7-20-25» бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады.

Естеріңізде болса, бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 млрд теңге бөлген болатын.

«Баспана» Ипотекалық ұйымы

Сыртқы коммуникациялар қызметі

Тел: 8 (727) 2772025, ішкі 7340

pressa72025@gmail.com

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here