Татарстан театры Талдықорған төрінде

0
80
Буа мемлекеттік драма театры
Дереккөз

Татарстанның  100 жылдық тарихы бар Буа мемлекеттік драма театры Талдықорғанға гастрольдік сапармен келді.

Буа мемлекеттік драма театры
Дереккөз

20 мыңнан астам тұрғыны бар шағын ғана  қаланың театры күні бүгінге дейін шаңырағын шайқалтпай, халықты саф өнермен сусындатып отыр. Іргетасы 1917 жылы  қаланған театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі  Раиль Садриев. Аталмыш өнер ұжымы талдықорғандықтар назарына “Перекрёсток снов” ертегісін, “В футляре” қойылымын және “Кодалар-Кодачалар” комедиясын ұсынды.

Буа мемлекеттік драма театры
Дереккөз

Директордың орынбасары Раис Яруллиннің айтуынша труппа бұған дейін еліміздің Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Астана, Қарағанды, Семей сынды қалаларында өнер көрсетіп, Талдықорғанға табан тіреген. “Біз үнемі алыс-жақын мемлекеттерге гастрольдік сапармен барамыз. Бұл біздің Қазақстанға екінші мәрте, ал, Талдықорғанға алғаш рет келуіміз. Шаhарларыңыз таза, табиғаты әсем, әдемі екен. Көрермендер де ыстық ықыласпен  қабылдауда. Алдағы уақытта тағы да келеміз деп жоспарлап отырмыз”-деді Р.Ибрагимұлы.

Буа мемлекеттік драма театры
Дереккөз

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Мәдениет, өнер шараларын ұйымдастыру бөлімінің” меңгерушісі Төлеужан Ғұмаров пен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының басшысы Ғалия Темербаева екі ел арасындағы шығармашылық байланыстың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып, меймандарға естелік сыйлықтар табыстады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here