Мұғалім мәртебесі артса, білімді ұрпақ көбейеді

0
52
Талдықорған қаласы әкімі
Суретті түсірген: Айдын. Нұршанов

Ұстаздық – қашан да орны бөлек, ең қастерлі мамандық. Осы мұғалімдер күнімен тұспа-тұс Елбасы халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын арнады. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдауды қажет деп санаймын деп атап көрсетті. Талдықорған қаласының мұғалімдер қауымын шаһар басшысы Дастан Шалтабаев құттықтаған салтанатты жиын  І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ұйымдастырылды.

-Құрметті ұстаздар! Сапалы білім мен тәрбие беру – біздің еліміз саясатының басымдығы. Қай заман, қай қоғамда да баланы оқыту, оған тəрбие беру  ұлы мұрат саналған. Сол ұлағатты жол бүгінгі күні де жалғасын тауып, білім беру саласын дамытуға айырықша назар аударылып келеді. Ел Президенті Н.Назарбаев мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, білім сапасына қатысты талаптар күшейтуді, жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман даярлауға  қатысты ойын білдірді.  Осы жаңа оқу жылында екі мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Қаланың 2500-дей мұғалімі оқушыларға сапалы білім беруге ден қойған. Олардың 70 пайызы жаңартылған бағдарламаны меңгерсе, үштілділік бағдарламасына қатысты жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың пилоттық жобасына қаланың 24 мектебінен 65 мұғалім тізімге ілікті.Ал 191-і жаңартылған бағдарлама бойынша аттестациялаудан өтіп, 30-50 пайыздық үстемақыға ие болды.

Мектепалды  даярлық тобын қосқанда бүгінде қала мектептерінде 31 мыңдай оқушы оқып жатыр. Шәкірт бойына білім мен тәлімді тәрбие нәрін сепкен ұстаздар қауымы кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!- деді қала басшысы.

Құттықтау сөзінен соң Дастан Тұрарбекұлы білім саласына зор үлес қосқан, табысты қызмет жасап жүрген мұғалімдер  мен педагог-тәрбиешілерді  марапаттады.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісі, Құрмет грамотасы, облыстық білім басқармасының және де қала әкімінің, қалалық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты сала қызметкерлеріне табысталды.

Білім көрсеткіші бойынша республикада ондықтың ішіне көрінген М.Арын атындағы  үш тілде оқытатын «Экономика және бизнес» лицейі «Орта білім беретін үздік ұйым»грантын жеңіп алды. Лицей оқушылары халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы. ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл 124,3 болып, 27  түлектің бәрі мемлекеттік білім гранттарын иеленді.

Ардагер мұғалімдер атынан Күләй Түсіпқызы сөйлеп, ақжарма тілегін айтты. Жаңа оқу жылында мектептерге келген жас мамандар ант қабылдады. Салтанат соңы мерекелік концертке ұласты.

                                                                              

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here